12 маусым Екібастуз қаласының туған күніне арналған «Жігіт сұлтаны – 2026» байқауы өтті. Байқауда Екібастұз 1-МАЭС-тың атынан қатысқан әріптесіміз Мурзатаев Мурат өз өнері мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, «Өнерлі жігіт» номинациясының жеңімпазы атанды!
Мурат байқау барысында өнерге деген сүйіспеншілігін, жан-жақтылығын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін танытып, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді.
Әріптесімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оның жетістігі – ұжымымыз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық шабыт пен толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!