+7 7187 282 125

Екібастұз 1-МАЭС «Еңбек күнін» дәстүрлі түрде кәсіпорын ардагерлерімен кездесу ретінде атап өтті

Елена Киселева September 29, 2022

22 қазан - Еңбек күні мен «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-на кәсіпорынның зейнеткерлері келді, олар зейнеткерлік демалыста жүрсе де өздері еңбек еткен компанияның табыстарына қызығушылық танытады, әріптестерінің қоңырауларына қуана жауап береді және кез келген уақытта жас ұрпақпен тәжірибе алмасуға дайын.

Іс-шара бағдарламасы станция басшылығымен кездесу, өндіріске экскурсия, әріптестермен кездесу және достық түскі астан құралды.

Ардагерлерді «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының міндеттерін атқарушы Серік Түйтебаев, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Бас директоры Ержан Ертаев, станцияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Чигвинцева және председатель первичной партийной организации партии «Amanat» Серик Серьянов құттықтады. Серік Түйтебаев өзінің құттықтау сөзінде: «Қазір жас шектері жылжып кеткен, 65-70 жас аралығындағы бойынан күш-қуаты қайтпаған адамды қарт адам деп айту қиын. Қымбатты әріптестер, Сіздердің тәжірибеңіз энергетиктердің жас буынына аса құнды және қажет. Сіздер өздеріңіз еңбек еткен станцияның мүддесіне адал болып, бүгінгі энергетиктердің барлық бастамаларына қолдау көрсетесіздер деп сенемін».

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»