+7 7187 282 125

Гульжан Шахманова

Ауелбаева Альмира October 30, 2023

Әріптесіміз Гульжан Шахманова «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ ПРЕМИЯСЫ» облыстық байқауының «Кәсіпорын қызметкері» номинациясына өтінім берді.
Гульжанның Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-гі еңбек жолы 2012 жылы басталған және бүгінгі күнге дейін жалғасып, инвестициялық жобалар жөніндегі күрделі құрылыс бөлімінің 1 санатты инженері болып жұмыс істейді. №1 энергоблокты іске қосу процесіне қатысуда.
Ол С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Жылу энергетикасы» мамандығының түлегі.
Гульжан қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң қадағалайды және әрқашан өз міндеттерін адал орындауға барынша күш салады.
2022 жылы кәсіби қызметіне қосқан үлесі мен кәсібилігі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.
Біз әріптесімізді мақтан тұтамыз және оған байқауда сәттілік тілейміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»