+7 7187 282 125

Исмаилов Жетпісбай Бекжанұлы

Ауелбаева Альмира September 12, 2023

1-МАЭС-те Женя ағайдай екінші адам жоқ шығар. Ол нағыз оптимист, әрдайым жадырап жүріп әркімге көмек қолын созуға дайын тұрады. Бұл оның бойындағы басты қасиеттердің ең азы ғана.

1992 жылы Жетпісбай Бекжанұлы 1-МАЭС станциясына жұмысқа орналасады. Бес жыл бойы ол орталықтандырылған жөндеу цехында (ОЖЦ) ҚжТДЦ сілесірі ретінде еңбек етеді. 1997 жылы жұмыс орындарының қысқаруы басталған кезде Жетпісбай аға жасып қалмай біліктілігін арттырып ӘШБ бөлімінде жұмыс істей бастады. Ол алдымен қоқыстарды сыпырып, ауланы тазалап жүреді, бірақ көп ұзамай трактор мен жүк көлігін жүргізуді меңгеріп алпды, кір жуғыш машиналарды жөндеп, бұталарды кесу және көгалдарға күтім жасау сияқты көптеген дағдыларды игереді.

 

2010 жылы Жетпісбай аға төртінші разрядты ғимараттар мен құрылыстарды кешенді жөндеу жөніндегі жұмысшы болып тағайындалпды, ол жерде де өзінің шеберлігі мен қабілеттілігін көрсетеді.

 

Жұмыста әріптестері Женя ағайды «Шоколадка» деп те атайды. Бұл лақап аттың пайда болуының өзіндік тарихы да бар. «Бухгалтерияда орындықтарды жөндегенім есімде. Ал ондағы қыз-келіншектер маған білдірген алғыс ретінде шай мен шоколад беріп, сыйлап отыратын. Ақыры менің өзім сол тәттілермен байланысып «Шоколадка» атауына телініп кеттім...» - деп есіне алады басты кейіпкеріміз.

 

Жетпісбай ағаның жүрген жері думан, ол өзінің ақ жарқын мінезімен айналаның барлығын шуаққа бөлейді. Жұмыста ол өз ісінің шебері болса, үйде сүйікті жар, ардақты әке және немерелерінің қамқор атасы. Оның жарқын тұлғасы станциядағы қайталанбас бейнесін қалыптастырып та үлгергелі қашан.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»