+7 7187 282 125

Жақсылық Диас

Бексеитова Диана July 24, 2023

Жақсылық Диас - Екібастұз 1-МАЭС-інде 2,5 жыл жұмыс істейді, ол отын-көлік-1 цехының 5 разрядты поездарды құрастырушы лауазымын атқарады. Осы уақыт ішінде ол тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындау арқылы оң беделге ие болды.

Диас өзінің лауазымдық міндеттерін ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретін жоғары құзыреттілік деңгейіне ие және әрқашан өзінің білімі мен дағдыларын дамытуға тырысады.

Бірақ оның қызметі тек станцияда жұмыс істеумен шектелмейді. Диас спорттық өмірге белсенді қатысады. Ол бірнеше рет Спартакиадалар мен қалалық волейбол жарыстарына қатысып, команда құрамында жүлделі орындарға ие болуда.

Диастың әрітестеріне деген қарым-қатынасы, байсалдылығы, ұстамдылығы оны ұжым арасында қадірлі әрі құрметті етуде. Жақсылық Диастың кәсіби шеберлігі мен спорттағы жетістіктері кез келген жас маман үшін үлгі болып қана қоймай электрстанцияда табысты дамудың бір мысалы ретінде көрсетуге болады.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»