+7 7187 282 125

Сабирзянов Рашид Абдулажанович

Бексеитова Диана May 11, 2023

Біз 1-МАЭС-тегі еңбек жолын қарапайым жұмыскер ретінде бастап бүгінде кәсіпорын бөлімшелерін басқаратын қызметкерлеріміздің тарихын баяндайтын Success Story айдарын бастаймыз.

Рашид Сабирзянов «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС ардагері, ол энергетика саласында 32 жыл еңбек етеді. Осы жылдар ішінде өзін жоғары білікті маман ретінде көрсетті және өз лайықты құрметке ие болды.

Оның кәсіби шеберлігі мен қазақстандық энергетиканың дамуына қосқан үлесін «Самұрық-Энерго» компаниясы мен Қазақстан энергетикалық қауымдастығы ескерді. 2020 жылы ол ҚР Құрметті энергетигі атағын, ал келесі жылы ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі атағын иеленді. 2022 жылы өңірдің дамуына және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды.

Рашид Абдулажанұлының еңбегі 1-МАЭС үшін ғана емес, Қазақстанның барлық энергетикалық саласы үшін де маңызды. Оның энергетикадағы жетістіктері мен еңбегі мақтауға және құрметке лайық.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»