+7 7187 282 125

Ақбота Қабиева 1-МАЭС-те өз жолын жастар тәжірибесі бағдарламасымен ТАҚЖ цехында бастады.

Бексеитова Диана May 11, 2023

Ақбота Қабиева 1-МАЭС-те өз жолын жастар тәжірибесі бағдарламасымен ТАҚЖ цехында бастады. Өндірістік ортада ол ЖСжҚПҚЕҚ, сондай-ақ іс жүргізуді ұйымдастыру бөлімінде жұмыс істей отырып білімін арттырды. Бұл білім мен тәжірибе оған техник лауазымын игеруге мүмкіндік берді.

Енді Ақбота маңызды құжаттар қоймасы ғана емес, сонымен қатар нағыз техникалық кітапхана болып табылатын мұрағат бөлімінде өз еңбек етуде. Қазір ол жабдықтарды, техникалық сипаттамалар мен сызбаларды зерттеудегі дағдыларын одан әрі тереңдету үшін белсенді жұмыс істеуде.

Ақбота өзінің мансабында алға жылжып қана қоймай, қоғамдық өмірге де белсенді. Ол жастар қозғалысының төрайымы, қыста ТЖ жою кезінде ерікті болды. Ташкент қаласында өткен халықаралық жастар форумына қатысты,«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ челленджінде үздік 200 қатысушының қатарына енді. Қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін Энергетик Күнін мерекелеу аясында Құрмет грамотасымен иеленді.
1-МАЭС жастардың дамуы мен алға жылжуы үшін барлық мүмкіндік бар. Қабиева Ақбота - бұған жарқын мысал.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»