17 қыркүйек күні Екібастұз 1-МАЭС-і қызметкерлерінің балалары үшін ерекше экскурсия өтті.
68 қонағымыз ата-аналарының күн сайын қайда жұмыс істейтінін өз көздерімен көру мүмкіндігіне ие болды. Балалар ББҚ-1 (блокты басқару қалқаны), ОКЦ-2 (отын-көлік цехы), химиялық цехын көрді, тіпті өрт сөндіру бөліміне де кіріп шықты.
Балалар үшін бұл нағыз ғажайып оқиға болды -олар өндіріспен танысты, энергетиктердің мамандықтары туралы көп ақпарат алды және станцияның сенімді жұмысы қалай қамтамасыз етілетінімен танысты.
Экскурсия соңында балаларды жылы шай мен шағын сыйлықтар күтіп тұрды. Балалар үйге жарқын әсерлермен және жақсы көңіл күймен қайтты!
Мұндай кездесулер балаларға ата-аналарының жұмысына жаңа көзқараспен қарауға және олардың маңызды еңбегіе лайықты бағалауға көп әсер етеді!