Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-те жасанды интеллект технологияларын қолданатын заманауи бейнебақылау жүйесі енгізілді. Станция аумағында 200-ден астам интеллектуалды бейнекамера орнатылып, олар еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тәулік бойы бақылап, өндірістегі штаттан тыс жағдайларды жедел анықтайды.
Жүйе бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеп, бейнематериалды нақты уақыт режимінде талдайды және оқиғаның орны, уақыты мен сипаты көрсетілген хабарламаларды жауапты қызметкерлерге бірден жібереді. Кешенде бет-әлпетті тану, көлік қозғалысының жылдамдығын бақылау, оқиғалар журналын жүргізу, бейнеталдау және қызметкерлерді автоматты түрде хабардар ету функциялары қарастырылған.
Қосымша бақылауды жұмыс орнынан бейнежазбаны онлайн тарату функциясы бар ақылды каскалар қамтамасыз етеді. Цифрлық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі үшін станция аумағында Wi-Fi желісі ұйымдастырылған, ал жүйеге тәулік бойы мамандандырылған операторлық орталық арқылы мониторинг жүргізіледі.