«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС өз қызметін тек тас көмірді жағу арқылы электр энергиясын өндіру саласында жүзеге асырады. Станцияның технологиялық үдерістерінде иондаушы сәуле көздері, радиоактивті заттар мен материалдар пайдаланылмайды.
Кәсіпорын аумағында радиоактивті қалдықтар, сондай-ақ оларды сақтау немесе кәдеге жаратуға арналған нысандар жоқ. ГРЭС-1-дің өндірістік қызметі радиоактивті материалдармен жұмыс істеуді қарастырмайды, бұл қолданыстағы лицензиямен және экологиялық талаптармен расталады.
Станция жұмысы барысында түзілетін барлық қалдықтар (күл, қож, құрылыс және тұрмыстық қалдықтар) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасына сәйкес реттелетін қалдықтарға жатады және радиоактивті сипатқа ие емес.
Осылайша, Екібастұз ГРЭС-1 – бұл өз қызметінде радиоактивті қалдықтардың түзілуі немесе олармен жұмыс істеу қаупін толықтай болдырмайтын жылу энергетикасы кәсіпорны.