Станция «Мектепке жол» республикалық акциясын қолдады

August 25, 2025

Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DN2gEVWWLff/?img_index=1

Жаңа оқу жылының қарсаңында «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС станцияның кәсіподақ ұйымымен бірлесіп «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында екібастұздық мектеп оқушыларына көмек көрсетті.

№9 және №11 орта мектептің оқушыларына қажетті оқу құралдарын алуға арналған 60 сертификат табыс етілді.

Балалар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, денсаулық, табысты оқу және жаңа қызықты жаңалықтар тіледі. Ата-аналар балаларға көрсетілген қамқорлық пен дәстүрге айналған қолдау үшін 1-МАЭС басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Сертификаттар аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге берілді. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топ санатына жататын станция қызметкерлеріне де оқу құралдарын, киім мен аяқ киім сатып алуға қаржылай көмек көрсетілді.

Жалпы акция аясында Екібастұз қаласының 300-ден астам оқушысы қамтылды.

 

2 3 4 5 5

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»