2025 жылдың 6 айында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің мамандары анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы 71 нұсқау берді, оған сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қағидалары талаптарының 272 бұзушылығы анықталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (218 бұзушылық) көбірек.
2025 жылдың 6 айында анықталған бұзушылықтардың орташа айлық саны -айына 45,3 бұзушылықты құрайды.
Құрылымдық бөлімшелер бойынша ЕҚ және ҚТ қызметінің мамандары жүргізген тексерулердің статистикасы:
Бұзушылықтардың ең көп саны келесі құрылымдық бөлімшелерде анықталды: ЖЖПЖ – 33, ҚҚЖЖ – 30, ОКЦ-1 – 29.
Бұзушылық санаттары бойынша ең көп саны «Жеке қорғаныс құралдары» санатындағы бұзушылықтар (15%), Өрт қауіпсіздігі қағидалары (15%) және құралдармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (15%) болып табылады.
30.09.2025 жылғы жағдай бойынша барлық бұзушылықтар жойылды. Орындалу мерзімі әлі аяқталмаған 1 бұзушылық қалады.
2025 жылдың 6 айында қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының анықталған бұзушылықтарының тәуекел дәрежесін бағалау бойынша бұзушылықтардың ең көп саны сары бұзушылықтар аймағының (тәуекелдің орташа деңгейі) бұзылуы болып табылады– 50%.
2025 жылдың 6 айында тәуекелді бағалаудың қызыл аймағының 18 бұзушылығы анықталды, олар бойынша шұғыл шаралар қабылданды, атап айтқанда анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқаулар берілді, бұзушылықтарға жол берген адамдарға жоспардан тыс нұсқамалар жүргізілді, жеке жауапкершілік талондары (жасыл, көк) тәркіленді, кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өндірістік жарақаттануды талдау
2025 жылдың 6 айында «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.

«Оқиғаларды есепке алу және ішкі тексеру» ЕМАЭС-1-СТ-37.02 Кәсіпорын стандартына сәйкес кәсіпорында еңбек ету қабілетінен айырылуға (шағын жарақат) әкеп соқпаған оқиғаларға ішкі тексеру жүргізіледі.
2025 жылдың 6 айында «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жұмыскерлерімен еңбекке қабілеттілігін жоғалтпаған 1шағын жарақат тіркелді.
ЕҚ және ҚТ қызметінің бастығы С. Чигвинцев