«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2025 жылғы 4 тоқсандағы өндірістік экологиялық бақылау есебіне түсіндірме жазба

January 22, 2026

 

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жобалық электр қуаты 4040 МВт жұмыс істеп тұрған электр станциясы болып табылады (500 МВт-тан 7 энергоблок, ст. №1 эн. блогы - 540 МВт). Станцияның орнатылған қуаты 4040 МВт құрайды. Электр станциясының жұмыс режимі-тәулік бойы, жыл бойы  .

Энергетикалық қазандықтардың негізгі отыны болып Екібастұз кен орнының күлі көп тас көмірі,  тамызықтық болып – М-100 маркасындағы мазут қызмет етеді. Станцияның энергетикалық қазандықтарынан түтін газдарының шығарындылары биіктігі 300 м және 330 м, ернеулерінің диаметрі сәйкесінше 13,26 м және 11,9 м №1 және №2 құбырлар арқылы лақтырылады.  

Атмосфераға лақтырылатын түтін газдарының құрамындағы қалқымалы заттарды азайту үшін ст. №3, №4, №5, №6 энергоблоктары «LodgeCottrel» түріндегі, ст. №2, №7, №8 энергоблоктары «АльстомПауэрСтаван» ЖАҚ-ның электр сүзгілерімен жабдықталған.

Станцияда азот тотықтарын басу (шоғырлануларды азайту) қазандықтарда отынды жағу процесін оңтайландыру жолымен жүзеге асырылады (режимдік-технологиялық әдістер). Түтін газдарын газ тәрізді заттардан тазалау станцияда жүргізілмейді.

2025 жылдың 4-тоқсанында 7 166 201,600 мың кВт*сағат электр энергиясы өндірілді.

Атмосфералық ауа. Атмосфераға шығарындыларды бақылау 2025 жылға арналған өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Станцияның санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауаның құрамын бақылау аккредиттелген зертхананы тартумен жүзеге асырылады.

Сұрыпталған сынамалардан күкірт диоксидінің, азот оксидтері және көміртегі оксидінің болуы анықталады.

Есептік кезеңде жүргізілген аспаптық өлшемдердің нәтижелері бойынша бақыланушы заттардың шоғырланулары нормативтік мәндердің шектерінде болды.

Жыл сайын станцияның әрбір жұмыс блогында күлтұтқыш қондырғыларға сынақтар өткізіліп тұрады. Сынақтардың нәтижелері бойынша техникалық есеп жасалады.

Ластағыш заттардың нормативтерін бақылау 2025 жылға «Рұқсат етілетін шығарындылар нормативтері» жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не 2025 жылы 289,786 тыс мың тоннадан аспайтын көлемдерде ластағыш заттарды шығаруларды жүргізуге рұқсат етіледі.  

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылдың 4-тоқсанында ластағыш заттардың шығарындылары келесіні құрады

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, нөмірі және берілген күні

Эмиссияларға лимиттер

Есептік кезеңдегі нақты эмиссиялар

Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі нақты эмиссиялар

Өсу/төмендеу себебі

мың.т/жылына

мың.т/жылына

мың.т/жылына

эмиссиялар көлемі

02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489  әсер ету кезеңі 01.01.2024ж. 31.12.2025ж. дейін

Шығындылар, мың. т/жылына

289,786

62,361

60,110

 

Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларының және қалдықтар түзілу көлемдерінің 2025 жылдың 4-тоқсаны бойынша 2024 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда артуы көмірдің жұмысшы күкіртінің және электр энергиясы өндіру көлемінің ұлғаюымен байланысты.

Күкірт тотығы

185,728

35,942

38,206

Азот тотығы

55,55

14,115

11,923

Бейорганикалық шаң 70-20%

34,788

9,070

7,380

Азот тотығы

9,027

2,293

1,937

Көмітек тотығы

4,656

0,928

0,662

Мазуттық күл

0,001

0,0006

0,0003

Басқалар:

0,036

0,012

0,002

Төгінділер, мың.т/жылына

жоқ

жоқ

жоқ

         

Ластағыш заттардың шығарындыларын аспаптық және есептік анықтау әдістерінің нәтижелері бойынша ШРШ және ШРШ асып кетуі анықталмаған.

 

Су ресурстарының мониторингісі. Сумен жабдықтау көзі – Қ.Сәтбаев атындағы канал, онда екі су жинағыш орналасқан: бір сужібергіш – суқойма-салқындатқышты толықтыру үшін, екінші сужібергіш – шаруашылық тұрмыстық қажеттіліктер мен энергетикалық және сужылытқыш қазандықтар үшін химтұзсыздандырылған және химтазартылған суды дайындау үшін.

ХСТ бастары арқылы су есебі СДҚ, ХСТ- I және II-ші кезектегі іске қосу қазандығы мен «Струя» ауыз су дайындау қондырғысының кірісінде орнатылған су есептеу құралдарын қолданумен жүргізіледі. Су тұтыну мен су тарту мөлшеріне күн сайын есеп жүргізіліп отырады, меншікті нормалардан ауытқулар байқалмады.

Станцияда арнайы су пайдалану 18.08.2025 ж. № KZ35VTE00323057 рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Станция үшін Жангелді құйма суқоймасы-салқындатқышымен салқындатудың кері жүйесі қабылданған.

Жерүсті суларының (суқойма, канал, айналма су, ГКШ) сынамаларын сұрыптау және талдау ай сайын аккредиттелген санитарлық-профилактикалық зертханасын тартумен жүзеге асырылады.

 

Өндіріс қалдықтарының мониторингісі. Кәсіпорындағы өндіріс қалдықтарының негізгі түрі (қазандықтардың оттықтарында көмірді жағу процесінде) жобалық құжаттарға сәйкес гидрокөлікпен күл үйіндісіне жеткізілетін күл-қоқыс қалдықтары болып табылады.

Бұрын кеуіп кеткен ащы-тұзды Қарасор көлінің ағынсыз қазаншұңқырында орналасқан күл үйіндісі, станция алаңшасынан 22 км шығысырақ орналасқан.

Ай сайын күл-қоқыс қалдықтары мен өндіріс қалдықтарының түзілуі мен орналасуының есебі жүргізіліп отырады.

Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде Рұқсатқа сай «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не 2025 жылы өндіріс және тұтыну қалдықтарын 6 495 144,481 мың тоннадан аспайтын көлемдерде орналастыру жүргізуге рұқсат етіледі.

 

2025 жылдың 4 тоқсанында орналастырылған қалдықтардың көлемі:

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, нөмірі және берілген күні

Эмиссияларға арналған лимиттер,

Есепті кезеңдегі нақты эмиссиялар

Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі нақты эмиссиялар

Өсу/төмендеу себебі

мың.т/жылына

мың.т/жылына

мың.т/жылына

эмиссиялар көлемінің

02.10.2023ж.  №:KZ92VCZ03343489 әрекет ету кезеңіне 01.01.2024 ж. - 31.12.2025 ж.

Қалдықтар, мың.т/жылына

 

6 495,142

1759,745

1 415,19

2025 жылдың 4-тоқсаны бойынша қалдықтар түзілуінің 2024 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда артуы электр энергиясы өндіру көлемінің ұлғаюымен байланысты.

Күлқождар

6 494,827

1759,433

1 415,102

Қауіпті емес қалдықтар

0,313

0,078

0,87

Қауіпті қалдықтар

0,002

0

0

Радиоактивты сәулеленулеря, ГБк/жылына

жоқ

жоқ

жоқ

         

Топырақ мониторингісі.

Электр станциясының, күл үйіндісінің және қалдықтар сақтаушысының (полигонның) санитариялық-қорғау аймағының шекарасында топырақ сынамаларын іріктеу және талдау 2025 жылдың 2 тоқсанында аккредиттелген зертхананы тарта отырып, шарт негізінде жүргізілді.

Сынамалар алу қолданыстағы МЕМСТ-тарға сай 12 стационарлық бекеттерде жүргізілді.

  • Күл үйіндісінің СҚА шекарасы – 5 бекет;
  • Қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) СҚА шекарасы – 4 бекет;
  • Электр станциясының СҚА шекарасы – 3 бекет;

 

 

 

 

ҚОҚ қызметінің бастығы    Есмуханова М.М.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»