«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2025 жылғы 2 тоқсандағы өндірістік экологиялық бақылау есебіне түсіндірме жазба

July 31, 2025

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жобалық электр қуаты 4040 МВт жұмыс істеп тұрған электр станциясы болып табылады (500 МВт-тан 7 энергоблок, ст. №1 эн. блогы - 540 МВт). Станцияның орнатылған қуаты 4040 МВт құрайды. Электр станциясының жұмыс режимі-тәулік бойы, жыл бойы  .

Энергетикалық қазандықтардың негізгі отыны болып Екібастұз кен орнының күлі көп тас көмірі,  тамызықтық болып – М-100 маркасындағы мазут қызмет етеді. Станцияның энергетикалық қазандықтарынан түтін газдарының шығарындылары биіктігі 300 м және 330 м, ернеулерінің диаметрі сәйкесінше 13,26 м және 11,9 м №1 және №2 құбырлар арқылы лақтырылады.  

Атмосфераға лақтырылатын түтін газдарының құрамындағы қалқымалы заттарды азайту үшін ст. №3, №4, №5, №6 энергоблоктары «LodgeCottrel» түріндегі, ст. №2, №7, №8 энергоблоктары «АльстомПауэрСтаван» ЖАҚ-ның электр сүзгілерімен жабдықталған.

Станцияда азот тотықтарын басу (шоғырлануларды азайту) қазандықтарда отынды жағу процесін оңтайландыру жолымен жүзеге асырылады (режимдік-технологиялық әдістер). Түтін газдарын газ тәрізді заттардан тазалау станцияда жүргізілмейді.

2025 жылдың 2-тоқсанында 4 939 364,800 мың кВт*сағат электр энергиясы өндірілді.

Атмосфералық ауа. Атмосфераға шығарындыларды бақылау 2025 жылға арналған өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Станцияның санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауаның құрамын бақылау аккредиттелген зертхананы тартумен жүзеге асырылады.

Сұрыпталған сынамалардан күкірт диоксидінің, азот оксидтері және көміртегі оксидінің болуы анықталады.

Есептік кезеңде жүргізілген аспаптық өлшемдердің нәтижелері бойынша бақыланушы заттардың шоғырланулары нормативтік мәндердің шектерінде болды.

Жыл сайын станцияның әрбір жұмыс блогында күлтұтқыш қондырғыларға сынақтар өткізіліп тұрады. Сынақтардың нәтижелері бойынша техникалық есеп жасалады.

Ластағыш заттардың нормативтерін бақылау 2025 жылға «Рұқсат етілетін шығарындылар нормативтері» жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не 2025 жылы 289,786 тыс мың тоннадан аспайтын көлемдерде ластағыш заттарды шығаруларды жүргізуге рұқсат етіледі.  

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылдың 2-тоқсанында ластағыш заттардың шығарындылары келесіні құрады

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, нөмірі және берілген күні

Эмиссияларға лимиттер

Есептік кезеңдегі нақты эмиссиялар

Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі нақты эмиссиялар

Өсу/төмендеу себебі

мың.т/жылына

мың.т/жылына

мың.т/жылына

эмиссиялар көлемі

02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489  әсер ету кезеңі 01.01.2024ж. 31.12.2025ж. дейін

Шығындылар, мың. т/жылына

289,786

49,168

52,176

 

 

 

2024 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың 2 тоқсанында атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының азаюы көмірдің жұмыс күкіртінің азаюымен байланысты

Күкірт тотығы

185,728

30,339

32,985

Азот тотығы

55,55

10,040

10,260

Бейорганикалық шаң 70-20%

34,788

6,481

6,624

Азот тотығы

9,027

1,631

1,667

Көмітек тотығы

4,656

0,666

0,637

Мазуттық күл

0,001

0,000

0,000

Басқалар:

0,036

0,001

0,002

Төгінділер, мың.т/жылына

жоқ

жоқ

жоқ

         

Ластағыш заттардың шығарындыларын аспаптық және есептік анықтау әдістерінің нәтижелері бойынша ШРШ және ШРШ асып кетуі анықталмаған.

 

Су ресурстарының мониторингісі. Сумен жабдықтау көзі – Қ.Сәтбаев атындағы канал, онда екі су жинағыш орналасқан: бір сужібергіш – суқойма-салқындатқышты толықтыру үшін, екінші сужібергіш – шаруашылық тұрмыстық қажеттіліктер мен энергетикалық және сужылытқыш қазандықтар үшін химтұзсыздандырылған және химтазартылған суды дайындау үшін.

ХСТ бастары арқылы су есебі СДҚ, ХСТ- I және II-ші кезектегі іске қосу қазандығы мен «Струя» ауыз су дайындау қондырғысының кірісінде орнатылған су есептеу құралдарын қолданумен жүргізіледі. Су тұтыну мен су тарту мөлшеріне күн сайын есеп жүргізіліп отырады, меншікті нормалардан ауытқулар байқалмады.

Станцияда арнайы су пайдалану 08.08.2024 ж. № KZ88VTE00257501 рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Станция үшін Жангелді құйма суқоймасы-салқындатқышымен салқындатудың кері жүйесі қабылданған.

Жерүсті суларының (суқойма, канал, айналма су, ГКШ) сынамаларын сұрыптау және талдау ай сайын аккредиттелген санитарлық-профилактикалық зертханасын тартумен жүзеге асырылады.

 

Өндіріс қалдықтарының мониторингісі. Кәсіпорындағы өндіріс қалдықтарының негізгі түрі (қазандықтардың оттықтарында көмірді жағу процесінде) жобалық құжаттарға сәйкес гидрокөлікпен күл үйіндісіне жеткізілетін күл-қоқыс қалдықтары болып табылады.

Бұрын кеуіп кеткен ащы-тұзды Қарасор көлінің ағынсыз қазаншұңқырында орналасқан күл үйіндісі, станция алаңшасынан 22 км шығысырақ орналасқан.

Ай сайын күл-қоқыс қалдықтары мен өндіріс қалдықтарының түзілуі мен орналасуының есебі жүргізіліп отырады.

Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде Рұқсатқа сай «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не 2025 жылы өндіріс және тұтыну қалдықтарын 6 495 144,481 мың тоннадан аспайтын көлемдерде орналастыру жүргізуге рұқсат етіледі.

 

2025 жылдың 2 тоқсанында орналастырылған қалдықтардың көлемі:

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, нөмірі және берілген күні

Эмиссияларға арналған лимиттер,

Есепті кезеңдегі нақты эмиссиялар

Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі нақты эмиссиялар

Өсу/төмендеу себебі

мың.т/жылына

мың.т/жылына

мың.т/жылына

эмиссиялар көлемінің

02.10.2023ж.  №:KZ92VCZ03343489 әрекет ету кезеңіне 01.01.2024 ж. - 31.12.2025 ж.

Қалдықтар, мың.т/жылына

6 495,142

1 273,802

1 209,570

2025 жылдың 2 тоқсанында 2024 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғандағы қалдықтар түзілуінің  ұлғаюы өндірістің ұлғаюымен байланысты

Күлқождар

6 494,827

1 273,679

1 209,455

Қауіпті емес қалдықтар

0,313

123,4

114,5

Қауіпті қалдықтар

0,002

0

0

Радиоактивты сәулеленулеря, ГБк/жылына

жоқ

жоқ

жоқ

         

Топырақ мониторингісі.

Электр станциясының, күл үйіндісінің және қалдықтарды жинақтағыштың (полигонның) санитариялық-қорғау аймағының шекарасындағы топырақ сынамаларын іріктеу және талдау аккредиттелген зертхананы тарта отырып, шарт негізінде 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған.

Сынамалар алу қолданыстағы МЕМСТ-тарға сай 12 стационарлық бекеттерде жүргізілді.

  • Күл үйіндісінің СҚА шекарасы – 5 бекет;
  • Қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) СҚА шекарасы – 4 бекет;
  • Электр станциясының СҚА шекарасы – 3 бекет;

 

 

 

 

ҚОҚ қызметінің бастығы    Есмуханова М.М.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»