«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2025 жылдың 1-тоқсанындағы өндірістік экологиялық бақылау бойынша есебіне түсіндерме жазба

April 28, 2025

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС 4040 МВт жобалық орнатылған электр қуатымен қолданыстағы электр станциясы болып табылады (7 энергоблок әрқайсысы 500 МВт-тан, ст. №1 энергоблогы 540 МВт-тан). Станцияның орнатылған қуаты 4040 МВт-ты құрайды. Электр станциясының жұмыс режимі – тәуліктік, жыл бойғы.

Энергетикалық қазандықтардың негізгі отыны болып Екібастұз кен орнының күлі көп тас көмірі,  тамызықтық болып – М-100 маркасындағы мазут қызмет етеді. Станцияның энергетикалық қазандықтарынан түтін газдарының шығарындылары биіктігі 300 м және 330 м, ернеулерінің диаметрі сәйкесінше 13,26 м және 11,9 м №1 және №2 құбырлар арқылы лақтырылады.

Атмосфераға лақтырылатын түтін газдарының құрамындағы қалқымалы заттарды азайту үшін ст. №3, №4, №5, №6 энергоблоктары «LodgeCottrel» түріндегі, ст. №2, №7, №8 энергоблоктары «АльстомПауэрСтаван» ЖАҚ-ның электр сүзгілерімен жабдықталған.

Станцияда азот тотықтарын басу (шоғырлануларды азайту) қазандықтарда отынды жағу процесін оңтайландыру жолымен жүзеге асырылады (режимдік-технологиялық әдістер). Түтін газдарын газ тәрізді заттардан тазалау станцияда жүргізілмейді.

2025 жылдың 1-тоқсанында 6 864 932,560 мың кВт*сағат электр энергиясы өндірілді.

Атмосфералық ауа. Атмосфераға шығарындыларды бақылау 2025 жылға Өндірістік  экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Станцияның санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауаның құрамын бақылау аккредиттелген зертхананы тартумен жүзеге асырылады.

Сұрыпталған сынамалардан күкірт диоксидінің, азот оксидтері және көміртегі оксидінің болуы анықталады.

Есептік кезеңде жүргізілген аспаптық өлшемдердің нәтижелері бойынша бақыланушы заттардың шоғырланулары нормативтік мәндердің шектерінде болды.

Жыл сайын станцияның әрбір жұмыс блогында күлтұтқыш қондырғыларға сынақтар өткізіліп тұрады. Сынақтардың нәтижелері бойынша техникалық есеп жасалады.

Ластағыш заттардың нормативтерін бақылау 2025 жылға «Рұқсат етілетін шығарындылар нормативтері» жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде Рұқсатқа сай «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не  2025 жылы 289,786 мың тоннадан аспайтын көлемдерде ластағыш заттарды шығаруларды жүргізуге рұқсат етіледі.   

 

 

 

 

2025 жылдың 1-тоқсанында ластағыш заттардың шығарындылары келесіні құрады:

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұсқат, нөмірі және берілген күні

Эмиссияларға лимиттер

Есептік кезеңдегі нақты эмиссиялар

Өткен жылғы аналогтік кезеңдегі нақты эмиссиялар

Ұлғаю/азаю себебі

мың т/жылына

мың т/жылына

мың т/жылына

эмиссиялар көлемдері

02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 әрекет ету кезеңі 01.01.2024ж. бастап - 31.12.2025ж. қоса алғанға дейін 

Шығарындылар, мың т/жылына

289,786

58,555

69,944

2025 жылдың 1-тоқсанында атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларының және қалдықтардың түзілу көлемінің кемуі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндірудің азаюымен байланысты

 

Күкірт тотығы

185,728

33,659

44,225

Азот тотығы

55,55

13,249

14,263

Бейорганикалық шаң 70-20%

34,788

8,699

8,350

Азот тотығы

9,027

2,153

2,318

Көміртек тотығы

4,656

0,785

0,787

Мазуттық күл

0,001

0,000

0,000

Басқалар:

0,036

0,001

0,002

Төгінділер,

мың т/жылына

жоқ

жоқ

жоқ

         
           

Ластағыш заттардың шығарындыларын аспаптық және есептік анықтау әдістерінің нәтижелері бойынша ШРШ және ШРШ асып кетуі анықталмады.  

 

Су ресурстарының мониторингісі. Сумен жабдықтау көзі – Қ.Сәтбаев атындағы канал, онда екі су жинағыш орналасқан: бір сужібергіш – суқойма-салқындатқышты толықтыру үшін, екінші сужібергіш – шаруашылық тұрмыстық қажеттіліктер мен энергетикалық және сужылытқыш қазандықтар үшін химтұзсыздандырылған және химтазартылған суды дайындау үшін. 

ХСТ бастары арқылы су есебі СДҚ, ХСТ- I және II-ші кезектегі іске қосу қазандығы мен «Струя» ауыз су дайындау қондырғысының кірісінде орнатылған су есептеу құралдарын қолданумен жүргізіледі. Су тұтыну мен су тарту мөлшеріне күн сайын есеп жүргізіліп отырады, меншікті нормалардан ауытқулар байқалмады.

Станцияда арнайы су пайдалану Ертіс сериясындағы 08.08.2024 жылғы №  № KZ88VTE00257501 рұқсатының негізінде жүзеге асырылады.

  Станция үшін Жангелді құйма суқоймасы-салқындатқышымен салқындатудың кері жүйесі қабылданған.

          Жерүсті суларының (суқойма, канал, айналма су, ГКШ) сынамаларын сұрыптау және талдау ай сайын аккредиттелген санитарлық-профилактикалық зертханасын тартумен жүзеге асырылады.

 

Өндіріс қалдықтарының мониторингісі. Кәсіпорындағы өндіріс қалдықтарының негізгі түрі (қазандықтардың оттықтарында көмірді жағу процесінде) жобалық құжаттарға сәйкес гидрокөлікпен күл үйіндісіне жеткізілетін күл-қоқыс қалдықтары болып табылады.

Бұрын кеуіп кеткен ащы-тұзды Қарасор көлінің ағынсыз қазаншұңқырында орналасқан күл үйіндісі, станция алаңшасынан 22 км шығысырақ орналасқан.  

Ай сайын күл-қоқыс қалдықтары мен өндіріс қалдықтарының түзілуі мен орналасуының есебі жүргізіліп отырады.

Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде Рұқсатқа сай «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не 2024 жылы өндіріс және тұтыну қалдықтарын 6 495 144,481 мың тоннадан аспайтын көлемдерде орналастыру жүргізуге рұқсат етіледі.   

 

2025 жылдың 1-тоқсанында орналастырылған қалдықтар көлемі келесіні құрады:

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұсқат, нөмірі және берілген күні

Эмиссияларға лимиттер

Есептік кезеңдегі нақты эмиссиялар

 

Өткен жылғы аналогтік кезеңдегі нақты эмиссиялар

Ұлғаю-кему себебі

мың т/жылына

мың т/жылына

мың т/жылына

эмиссиялар көлемдері

02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 әрекет ету кезеңі 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. қоса алғанға дейін 

Қалдықтар, мың т/жылына

6 495,142

1 705,469

1 637,099

2024 жылдың 1-тоқсанымен

салыстырғанда 2025 жылдың 1-тоқсанында қалдықтардың түзілу көлемдерінің артуы электр энергиясын өндірудің ұлғаюымен байланысты.

Күлқождар

6 494,827

1 705,469

1 637,065

Қауіпті емес қалдықтар

0,313

0

0,034

Қауіпті қалдықтар

0,002

0

0

Радиоактивтік сәулеленулер,  ГБк/жылына

жоқ

жоқ

жоқ

         

Топырақ мониторингісі.

Электр станциясының, күл үйіндісінің және қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) санитарлық-қорғаныс аймағының шекарасында топырақ сынамаларын сұрыптау және талдау шарттың негізінде 2025 жылдың І-тоқсанына жоспарланған.

Сынамалар алу қолданыстағы МЕМСТ-тарға сай 12 стационарлық бекеттерде жүргізілді.

  • Күл үйіндісінің СҚА шекарасы – 5 бекет;
  • Қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) СҚА шекарасы – 4 бекет;
  • Электр станциясының СҚА шекарасы – 3 бекет.

 

 

 

ҚОҚ қызметінің бастығы                                                  Есмуханова М.М.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»