Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А.М.Саткалиевтің HSE мәселелері бойынша Қор тобының жұмыскерлеріне үндеуі

2022 жылдың басталуымен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әрбір жұмыскері еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық қорғауды жақсартуға қатысып, оған қосқан жеке үлесі туралы ойлануы, қауіпсіздік пен сенімділіктің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс орындарында оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға ықпал ететін белгілі бір мақсаттар қоюы қажет. Өткен жылы HSE көрсеткіштері жақсарды. Абсолютті цифрларда біз 2021 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға төмендегенін байқаймыз, яғни жазатайым оқиғалар кезінде 108 адам зардап шеккен.

Жыл сайын «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де дәстүрге айналған Энергетик Күніне орайластырылып «Үздік мамандық иесі» байқауы өткізіледі. 2021 жылы бұл конкурс 2-15 желтоқсан аралығында келесі мамандықтар бойынша жұмыскерлер арасында өткізілді:

- Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электр монтері;

- Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр сілесірі;

- Машинист-қараушы (қазандық және турбина жабдығы жөніндегі);

- Энергоблоктың аға машинисі;

- Жөндеу жөніндегі сілесір;

- Электргазбен дәнекерлеуші;

Байқаудың әр номинациясы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Конкурстың негізгі мақсаты жұмыскерлердің біліктілігін, кәсіби деңгейін арттыру, серіктестіктегі жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби құзыреттілігін тану болып табылады.

Конкурс жұмыскерлердің кәсіби біліктері мен дағдыларын жетілдіруге, конкурсқа қатысушылардың жетістіктері мен озық тәжірибесін насихаттауға, одан әрі кәсіби өсуін, бастамашылдығы мен іскерлік белсенділігін ынталандыруға, мамандыққа шығармашылық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

Конкурс дайындалған конкурстық тапсырмаларды орындауды көздейтін жарыстар құрамынан тұрады, сондай-ақ, қатысушылардың теориялық білімдерін тексеруді, олардың практикалық тапсырмаларды орындауын, сондай-ақ алғашқы медициналық көмекті дұрыс және жылдам көрсете білуін қамтиды.

Конкурстарды ұйымдастыруға еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің мамандары, өндірістік құрылымдық бөлімшелердің инженерлік-техникалық жұмыскерлері белсенді қатысты, соның арқасында конкурстар қатысушылардың кәсіби дағдыларын толық көлемде бағалауға мүмкіндік беретін қызықты және мазмұнды болды. Ал бас директордың төрағалық етуімен комиссия мүшелері бас инженердің, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы мен кәсіподақ комитеті төрағасының қатысуымен қатысушылардың тапсырмалардың барлық кезеңдерінің дұрыс және қауіпсіз орындалуын қатаң және сауатты бағалады.

Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша комиссия әр номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Олар:

- «Электр станцияларының (ЭЦ) электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электр монтері» номинациясында жеңіп алды:

1 орын – Филаретов Олег Владимирович, «Электр» цехының 7-разрядтағы электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электр монтері;

2 орын – Адельханов Еламан Булатович, «Электр» цехының 7-разрядтағы электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электр монтері;

3 орын – Мусабаев Нурлан Зарлыкович, «Электр» цехының 7-разрядтағы электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электр монтері.

- «Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі» номинациясында (ЭЦ, ЖАӨЦ, ЖЖПЖ) жеңіп алды:

1 орын – Тусупов Азамат Бауыржанулы, «Жылу автоматикасы және өлшеу» цехының 4-разрядтағы электр станцияларының АОҚ жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр сілесірі;

2 орын – Нуркенов Куаныш Кайратович, Жылу автоматикасы және өлшеу» цехының 4-разрядтағы электр станцияларының АОҚ жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр сілесірі;

3 орын – Семенова Светлана Николаевна, «Электр» цехының электр жабдықтарының орамалары мен оқшаулағыштарын жөндеу жөніндегі 5-разрядтағы электр монтері.

 

- «Машинист-қараушы (қазандық және турбина жабдығы жөніндегі)» номинациясында жеңіске жетті:

1 орын - Шарафутдинов Равиль Уралович, қазақдық-турбина-1 цехының қазандық жабдықтары жөніндегі 6-разрядтағы машинист-қараушысы;

2 орын - Жұмажан Баянжан Қолжанұлы, қазақдық-турбина-2 цехының турбина жабдығы жөніндегі 6-разрядтағы машинист-қараушысы;

- Кожанов Ерганат Ерланович, қазақдық-турбина-1 цехының цехының турбина жабдығы жөніндегі 6-разрядтағы машинист-қараушысы;

3 орын - Искужанов Акылбек Кадыржанович, қазақдық-турбина-1 цехының турбина жабдығы жөніндегі 6-разрядтағы машинист-қараушысы.

 

- «Энергоблоктың аға машинисі» номинациясы бойынша жеңіп алды:

1 орын – Абдрахманов Токтар Сагындыкович, қазақдық-турбина-1 цехы энергоблоктың аға машинисі;

2 орын – Турдахан Жасулан, қазақдық-турбина-2 цехы энергоблоктың аға машинисі;

 

- «Жөндеу жөніндегі сілесір(ҚжТДЦ, БГТЖ, ТЖ)» номинациясында жеңіп шықты:

1 орын - Мохов Денис Сергеевич, «Химиялық» цехтың бу-газ турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі 6-разрядтағы сілесірі;

2 орын - Томилов Вадим Алексеевич, «Қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі» цехтың ҚжТДЦ жабдықтарын жөндеу жөнінжегі 6-разрядтағы сілесірі;

3 орын - Жексембаев Аслан Бауыржанович, «Қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу жөніндегі» цехтың ҚжТДЦ жабдықтарын жөндеу жөнінжегі 5-разрядтағы сілесірі

 

- «Электр-газбен дәнекерлеуші»номинациясы бойынша жеңіп шықты:

1 орын – Лобан Александр Иванович, «Қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу жөніндегі» цехтың 6-разрядтағы электр-газбен дәнекерлеушісі;

2 орын - Юров Виктор Александрович, Қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі» цехтың 6-разрядтағы электр-газбен дәнекерлеушісі;

3 орын - Половинко Василий Викторович, «Жылу автоматикасы және өлшемдер» цехының 5-разрядтағы электр-газбен дәнекерлеушісі.

Марапаттау 22.12.2021 ж. салтанатты түрде өткізілді. Әр номинацияда бірінші орын алған жеңімпаздар дипломмен және 50 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар, сондай-ақ номинациялардағы жеңімпаздардың тікелей жетекшілері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.