Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тимбилдинг

June 05, 2026

5 маусымда Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де «Экологиямен ойла – жауапкершілікпен әрекет ет» атты командалық зияткерлік-танымдық тимбилдинг өтті.

Іс-шара аясында қызметкерлер өзара іс-қимылды дамытуға, командалық рухты нығайтуға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған экологиялық бағыттағы логикалық және шығармашылық тапсырмаларға, блиц-викториналарға, командалық ойындар мен конкурстарға қатысты.

Барлық командалар жоғары дайындық деңгейін, ауызбіршілік пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, құнды сыйлықтармен марапатталды.

Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз, көтеріңкі көңіл-күй мен командалық рух үшін алғыс айтамыз! Жаңа кәсіби жетістіктер, жұмыста табыс, бақ-береке және алдағы уақытта да жеңістер тілейміз. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау біздің корпоративтік мәдениетіміз бен күнделікті өміріміздің маңызды бөлігі болып қала берсін.

Қоршаған ортаға ұқыпты қарау әрқайсымыздан басталады!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»