+7 7187 282 125

"ADANI GROUP" компаниясының Үндістаннан Екібастұз ГРЭС-1-ге сапары

Бексеитова Диана June 05, 2023

19 мамырда Үндістаннан «ADANI GROUP» компаниясы, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ жұмыс сапарымен Екібастұз 1-МАЭС-ке келді. Сапар энергетикалық нысандардың перспективалық құрылысын талқылауға орайластырылды. Қонақтар үшін станция бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды, бұл жұмыс ауқымын және электр энергиясын өндіру үшін қолданылатын заманауи технологияларды бағалауға мүмкіндік берді. Экскурсия барысында «ADANI GROUP» компаниясының өкілдері станцияның сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ететін қуатты энергоблоктар мен заманауи жабдықтарды іс жүзінде көру мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ олар сарапшыларға сұрақтарын қойып, энергетикалық нысандардың құрылысы мен жұмысының егжей-тегжейін талқылай алды.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»