+7 7187 282 125

ГРЭС-1 ұсынған

Бексеитова Диана June 05, 2023

Балаларды қорғау күні қарсаңында кәсіподақ ұйымы Екібастұз 1-МАЭС басшылығымен бірлесіп станция қызметкерлері мен олардың балаларына арналған байқау өткізді. Байқау Жангелді көлінің жағасында өтті. Қатысушылар үш командаға бөлінді, олар әр команда өздеріне қызықты атау таңдап алды: «Шырынды апельсиндер», «Малышарики» және «Бауырсақтар». Анасымен немесе әкесімен бірге келген балалар қызықты спорттық жарыстарға шабыттана қатысты. Байқау соңында әр бала естелік сыйлық пен қатысқаны үшін лайықты марапатқа ие болды. Бұл байқау әр балаға ата-анасымен уақыт өткізіп, ұмытылмас естеліктер қалыптастырды. Біз барлық балаларды 1 маусым мерекесімен құттықтаймыз! Балалық шақтарыңыз қуанышқа, қамқорлыққа және жарқын көңілге толы болсын. Сіздерге бақыт, сәттілік және өмірдің осынау әдемі кезеңінде ұмытылмас сәттер тілейміз.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»