+7 7187 282 125

«Энергетик күні» құрметіне Екібастұз 1-МАЭС қызметкерлері арасында спорттық турнир өткізілуде

Ауелбаева Альмира December 26, 2023

«Энергетик күні» құрметіне Екібастұз 1-МАЭС қызметкерлері арасында спорттық турнир өткізілуде, онда спорт түрлерінің шағын футбол, волейбол, стритбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту және армрестлинг секілді 9 түрі қамтылған. Шағын футболдың нәтижелері бойынша «Қазандық-турбина-1» цехы командасы бірінші орынды, «Басқарма» екінші орынды, ал «Отын-көлік-1» цехы үшінші орынды иеленді. Біздің әріптестеріміз әсерлі ұйымшылдықты, көңіл-күйді және тамаша дайындықты көрсетті. Бұл турнир - спорт пен салауатты өмір салтын насихаттайтын және қызметкерлердің бірлігі мен корпоративтік рухын нығайтатын бірегей жоба. Әрбір демалыс күндері әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Спорттық ойындардың барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз және болашақ жарыстарда сәттілік тілейміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»