7 қарашада Екібастұз 1-МАЭС-ке Республикалық үйлестіру кеңесінің қатысушылары - Екібастұз қаласы мектептерінің оқушыларымен бірлесіп қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары келді. Бұл сапардың мақсаты өндірістік процеспен танысу, техникалық мамандықтарды насихаттау және болашақ кадрлық әлеуетті қалыптастыру болып табылады.