«Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, көгалдандыру бойынша ауқымды іс-шара ұйымдастырды

Альмира Ауелбаева October 18, 2024

18 қазан «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, көгалдандыру бойынша ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Акция барысында сібір алмасы, ұсақ жапырақты жөке және қара үйеңкінің 600 көшеті отырғызылды. Көшет Екібастұз қаласындағы Мәншүк Мәметова көшесіне бойлай отығызылып, жол жиегін жасылдандырып шыға келді. Онымен қоса экологиялық жағдайды да жақсарта түсері анық.

Ағаш отырғызу экологиялық жағдайды жақсарту жолындағы маңызды қадам болды, сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында тіршілік ортасын жақсартудың үлгісі болды.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»