Екібастұз қаласында қала құраушы кәсіпорындар арасында баскетболдан турнир өтті. Жарысты «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Жастар кеңесі ұйымдастырды.
Бір алаңда бас қосқан қала кәсіпорындарының командалары өздерінің жоғары дене дайындығын, командалық ойын шеберлігін және нағыз спорттық мінезін көрсетті!
Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын — «ЕЭК» АҚ, «Шығыс» кеніші.
II орын — «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС
III орын — «Богатырь Көмір» ЖШС
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Барлық командаларға қатысқандары, тартысты әрі лайықты ойын көрсеткендері және нағыз спорт мерекесінің ерекше атмосферасын сыйлағандары үшін алғысымызды білдіреміз!