4 қыркүйек күні, станциямызда Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті.
Мерекелік іс-шара аясында қызметкерлер үшін танымдық викторина ұйымдастырылып, түрлі де қызықты ойындар өткізілді. Қатысушылар өз білімдерін сынап, еркін пікір алмасып, достық пен көтеріңкі көңіл күйге толы атмосферада уақыт өткізді.
Іс-шара мазмұнды әрі жылы жағдайда өтіп, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтардың табысталуы мерекенің жағымды жалғасына айналды.
Баршаңызды Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің тілдік әралуандығы алдағы уақытта да адамдарды біріктіріп, өзара құрметті, достық пен келісімді нығайта берсін. Баршаңызға бейбітшілік, бірлік және амандық тілейміз!