9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні!
Осы айтулы күні Екібастұз 1-МАЭС қызметкерлері Даңқ обелискіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Жеңіс күні-барлық ұрпақ үшін қасиетті күн. Біз бейбітшілік пен бостандық үшін өз өмірін қиған майдан даласында ерлік көрсеткен және тылда еңбек еткен ардагерлерімізді әрдайым құрметтейміз. Ал батырлар ерлігіне тағзым етіп гүл қою – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғсып келе жатқан ерлік пен батырлыққа көрсетілген ризашылығымз.
Станция ұжымы үшін мұндай іс-шараларға қатысу-бұл ізгі дәстүр ғана емес, сонымен қатар тарихи шындықты сақтауға, патриотизм рухын қолдауға және өткенге құрмет көрсетуге деген шынайы ниет.


