«Еңбек жолы – 2026» облыстық конкурсындағы жеңіс

September 27, 2026

Павлодар қаласында Еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Еңбек жолы – 2026» облыстық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 

Екібастұз 1-МАЭС қызметкері Әділ Маликов «Үздік жас маман» номинациясы бойынша І орынға ие болды.

 

Конкурс барысында Әділ жұмыс орнын таныстырып, сондай-ақ алған марапаттары мен грамоталарын көрсеткен бейнеролик ұсынды.

 

Байқаудағы жеңіс — оның кәсіби жетістіктерінің, еңбекке деген жауапкершілігінің және энергетика саласында дамуға ұмтылысының лайықты бағасы.

 

Әділ Маликовты лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы кәсіби жолында толағай табыс, жаңа жетістіктер және сенімді қадамдар тілейміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»