13 мамырда Екібастұз 1-МАЭС-інде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс шеңберінде ұйымдастырылған дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобымен кездесу өтті.
Еңбек ұжымы алдында:
Раздыкова Гүлназ – «Павлодар облысы бойынша конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры;
Мағзұм Мұхаммед-теолог, діни қауіпсіздік мәселелері жөніндегі маман сөз сөйледі.
Спикерлер қазіргі діни қауіптер, деструктивті идеологиялардың таралу жолдары туралы айтып берді. Рухани бірлікті, конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті, нақты мысалдарды талқылады және мамандардан құзыретті жауаптар алды.
Мұндай іс-шаралар діни сауаттылықты арттыруға, ақпаратты сыни қабылдауды қалыптастыруға және қоғамдағы бейбітшілік пен келісім құндылықтарын нығайтуға бағытталған.