«Қауіпсіздік мектебі» — дұрыс әрекет етуді үйренеміз!
«Самұрықнама: 20 игі іс» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған интерактивті білім беру бастамасы — «Қауіпсіздік мектебін іске қосу» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Осы іс-шара аясында «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС және «Семсер Өрт-сөндіруші» ЖШС мамандары №11 мектепке барып, оқушыларға өрт қауіпсіздігі тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
Нұсқаушы балаларға түсінікті әрі қолжетімді тілде өрт болған жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігін, көмекке қайда жүгіну қажеттігін, ғимараттан қалай қауіпсіз шығуға болатынын және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызын түсіндірді.
Балалар арасында өрт сөндіру техникасының көрсетілімі ерекше қызығушылық тудырды. Оқушылар өрт сөндіру көлігін көріп, оның мақсаты мен өрт сөндірушілер жұмысының ерекшеліктерімен танысты.
Мұндай іс-шаралар пайдалы білім алып қана қоймай, оны іс жүзінде бекітуге мүмкіндік береді. Өйткені қауіпсіздік — дұрыс әрекеттен және әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады.
Бүгін қауіпсіздікті үйренеміз — ертең өмірді сақтаймыз!