Екібастұз 1-МАЭС-те «Салауатты жүрек ырғағында» акциясы өткізілді

October 05, 2026

Дүниежүзілік жүрек күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де «Сау жүректің ырғағымен» акциясы өткізілді.

 

Іс-шараға шақырылған Персоналды медицина орталығы бөлімінің меңгерушісі Назгүл Маратқызы Уралова және скрининг бөлімінің меңгерушісі Әнел Мұратқызы Смағұлова қатысып, «Жүрек саулығын сақтаудың маңызы» тақырыбында дәріс өткізді. Мамандар жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы және медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажеттілігі туралы айтып берді.

 

Сау жүрек — белсенді әрі толыққанды өмірдің кепілі!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»