Қазақстан Республика күніне арналған салтанатты рәсімде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС бас директоры Асан Акимгалиевич Наурзгалиевке мемлекеттік награда табысталды.
Сіңірген еңбегі үшін Асан Акимгалиевич Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат оның кәсібилігінің, адал еңбегінің және еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесінің мойындалуы болып табылады.