Республика күніне орай «Менің Республикам — менің мақтанышым!» атты танымдық квиз өтті.
Қатысушылар Қазақстанның тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері мен жетістіктеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Сайыс қызықты әрі тартысты өтіп, командалар білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Квиз қорытындысы бойынша:
1-орын — «Маркетинг» командасы
2-орын — «Самғау» командасы
3-орын — «Шанырақ» командасы
Мереке қарсаңында станцияның өндірістік цехтарына да мерекелік көңіл күй сыйланып, қызметкерлерге арнап дәм-тағамдар таратылды. Бұл — Отанымыздың басты мерекесін бірге атап өтіп, әріптестерге көңіл бөлуге арналған жылы ықыластың белгісі.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Еліміз аман, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!