«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС мен станцияның Жастар кеңесі аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қосылды.
Акция аясында балаларға жаңа оқу жылын сенімді бастауға қажетті мектеп құралдары: мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары сатып алынды. Сонымен қатар балаларға жетіспейтін оқу құралдарын және басқа да қажетті заттарды сатып алуға арналған сертификаттар табысталды.
Көмек Екібастұз қаласындағы №5 және №11 шефтік мектептердің оқушыларына көрсетілді.
Біз әрбір баланың 1 қыркүйекті жақсы көңіл-күймен, сеніммен және оқуына қажетті барлық заттармен қарсы алғаны маңызды деп санаймыз. Өйткені қамқорлық, көңіл бөлу және қолдау — балаларымыздың болашағына қосылған үлес.
Жаңа оқу жылы балаларға мол білім, жарқын жаңалықтар мен үлкен жетістіктер әкелсін!