1-МАЭС-те достық пен бірлік мерекесі-Наурыз мейрамына орайластырылған шағын спартакиада аяқталды. Жарысқа командалық рухты, күш пен төзімділікті көрсете отырып, станцияның әртүрлі бөлімшелерінің жұмыскерлері қатысты.
Спорттық жарыстар 9 наурызда арқан тарту турнирінен басталды, онда ОКЦ-1 командасы үздік болып шықт, екінші орынды ҚТЦ-1, үшінші орынды тех.жөндеу иеленді. Сол күні волейболдан турнир өтті. Ойын нәтижесінде ҚТЦ-1 командасы - алтын, ОКЦ-1 - күміс, ҚҚЖЖ цехы қола жүлдегер атанды.
10 наурызда киберспорт бойынша турнир өтті, оған 8 команда жиналды. ҚТЦ-2 командасы топ жарып шықса, екінші орын ҚТЦ-2 командасына бұйырды, ал үшінші орынды ҚТЦ-1 командасы жеңіп алды.
Ұлттық ойындар да спартакиаданың бір бөлігіне айналды. 14 наурызда асық атудан жарыс өтті, онда ҚҚЖЖц командасы жеңіске жетті, екінші орынды ҚТЦ-1, үшінші орынды ОКЦ-2 иеленді. Тоғызқұмалаққа жеті адам қатысып бақ сынады, олардан Фархад Шехов (Электр цехы) – 1 орын, Ерганат Кожанов (ҚТЦ-1) – 2 орын, Талшын Ищанова (Химиялық цех) – 3 орын иеленді.
Шахматтан жарыс 14 наурызда өтті. Ойын нәтижесі бойынша Федор Скляров (ТАҚЖц) жеңімпаз атанды, күмі Султан Балгузиновқа бұйырды (МТРБ), ал қоланы Дастан Садвакасов (Жөндеулерді жоспарлау және сүйемелдеу бөлімі) иеленді.
15 наурызда үстел теннисінен 22 адам қатысқан турнир өтті. Ерлер арасында бірінші орынды Сергей Тищенко (Ғимараттар мен құрылыстардың мониторингісі бөлімі), екінші орынды Толеген Рамазанов (ТЖЖц), үшінші орынды – Мади Бегимов (Элетр цехы) иеленді. Әйелдер арасында Гульбаршын Кенжетаева (ӨӨҚЕҚОҚ басқармасы) жеңімпаз атанса, екінші орынды Талшын Ищанова (Химиялық цех), үшінші орынды Салима Букаева (МТРБ) қанжылады.
16 наурызда күш пен төзімділіктің үлгісі, армрестлингтің үздіктері анықталды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мерхат Серікұлы (ҚТЦ-1) озып шықты, екінші орынды Асет Ергалиев (ҚНЖЖц), ал үшті Бахтияр Мусин (ҚНЖЖц) иеленді. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Наиль Сайбаталов (ҚТЦ-1) отп жарып шықты, екінші орынды Аскар Есен (ОКЦ-1) еншіледі, үшінші орын Алихан Серікбайға (ЖАӨЦ) бұйырды. Сол күні стритболдан жарыс өтті, онда бірінші орынды ЖАӨЦ командасы, екінші орынды – ҚТЦ-1, үшінші орынды – электр цехы жеңіп алды.
19 наурызда спартакиаданың соңғы нүктесін мини-футболдан шешуші матчтар қойды. Жеті команда арасындағы тартысты ойында ҚТЦ-1 командасына алтын бұйырса, күмісті ОКЦ-1 иеленді, ал қолана электр цехы алды.
1-МАЭС мини-спартакиадасы жұмысшыларды біріктіріп, бойға сергектік сыйлап, спорттық жігер мен жолдастық рухты нығайтты. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға әдемі ойын көрсеткені үшін алғыс айтамыз!