«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де кәсіпорын қызметкерлері Республикалық сайлауалды штаб мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында штаб өкілдері «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, басымдық берілетін жұмыстарды атап өтті және кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Кездесуде энергетика саласын дамыту, әлеуметтік саясат, экономика және өңірлерді одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ашық диалог барысында 1-МАЭС қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Сондай-ақ кездесу қатысушылары алдағы уақытта қарау үшін өздерінің аманат-тілектерін қалдыруға мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер азаматтармен тікелей қарым-қатынас орнату, өзекті мәселелерді талқылау және халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдау үшін маңызды алаң болып табылады.
Республикалық сайлауалды штаб мүшелеріне мазмұнды диалог үшін, ал кәсіпорын қызметкерлеріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!