Ақкөл ауылы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті

August 03, 2025

Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DM7ZQKPoonQ/

3 тамыз күні Ақкөл ауылы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті — бұл тек ауыл тұрғындарын ғана емес, бүкіл аймақтан келген қонақтарды біріктірген маңызды шара болды. Мерекелік бағдарлама барысында жергілікті өнерпаздар мен әртістердің қатысуымен концерттік қойылым қойылып, қазақтың дәстүрлі ойындар мен спорттық жарыстар, жәрмеңке өткізілді.

Мерейтой құрметіне қала құраушы кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан киіз үйлер тігілді. Шараға «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС»-те өз үлесін қосып, киіз үй тігіп, қонақтарды жылы қабылдады. Бұл шара тарихқа құрмет пен туған жерге деген сүйіспеншілік атмосферасын қалыптастыруға себеп болды.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»