Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Тоқаев жариялаған жұмысшы мамандықтары жылы және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Мақсұтов жариялаған Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі жылы аясында 2025 жылғы 13 ақпанда «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нде Екібастұз өңірінің 3 энергетикалық кәсіпорнының атап айтқанда: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Energy Solutions Center» ЖШС-нің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларының форумы өтті.
Форумға еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және аталған кәсіпорындардың өндірістік қауіпсіздік мамандары қатысты.
Форум аясында техникалық инспекторлар өндірістік алаңдар мен жұмыс орындарын аралап, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі саласында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты.
Жұмыс орындарына барудан кейін шақырылған спикерлердің: «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» ҚБ төрағасы О.Т. Бекбастың және «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Н.Айтжанованың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді, олар өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жақсарту саласындағы қоғамдық бақылауды дамытудың басым мәселелері мен перспективалары, Павлодар облысының энергетикалық кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбек жағдайлары туралы айтты.
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрайымы Т.А. Чигвинцева кездесуді қорытындылап, кәсіпорындар басшылығына және шақырылған қонақтарға осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқаны және көмектескені үшін алғыс айтты.