Халықаралық Жастар күні аясында ЕМАЭС-1 қызметкерлері арасында Counter Strike киберспорт бойынша жарыстар өтуде!

August 16, 2025

Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DNagHOyoery/

Турнирді станцияның Жастар Кеңесі ұйымдастырды. Біздің көптеген қызметкерлер үшін бұл жай ойын ғана емес, сонымен қатар командалық рухты, зейінді және стратегиялық ойлауды көрсету мүмкіндігі.

Бүгінгі таңда киберспорт-бүкіл әлемде танымал әрі қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Ол жастарды біріктіреді, жаңа дағдыларды қалыптастырады және үлкен перспективалар ашады.

Біз жас мамандардың өзін-өзі қалыптастыруға деген ұмтылысын қолдаймыз және мұндай іс-шаралар корпоративтік өмірді әртараптандыруға, командалық қарым-қатынасты нығайтуға және жұмысқа жаңа қуат беруге көмектесетініне сенімдіміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»