Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында, 24 қазан күні «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында партия төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Аталмыш жиында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Бейсенұлы Серьянов көпжылдық адал еңбегі мен еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін мемлекеттік марапат – «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталғанын үлкен қуанышпен хабарлағымыз келеді.
Станция ұжымы Серік Бейсенұлын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат және кәсіпорын мен еліміздің игілігі жолында мол табыстар тілейді!