Булат Нұржанов атындағы МАЭС-1» ЖШС-де Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік мәселелері бойынша дәріс-нұсқаулық өткізді.

May 20, 2025

Өңірдегі ең ірі энергетикалық нысандардың бірі – «Булат Нұржанов атындағы МАЭС-1» ЖШС-де Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік мәселелері бойынша дәріс-нұсқаулық өткізді.

Кездесу барысында күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелер қаралды. Әсіресе, өрт қауіпсіздігі шараларына, балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға және жаз мезгілі қарсаңында судағы қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға, әсіресе, кішкентай балалары бар отбасылар үшін терезелерге құлып орнату қажеттілігі және балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу керектігі ескертілді. Өрт қауіпсіздігі аясында электр құрылғыларын пайдалану ережелері, өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану жолдары түсіндірілді.

Сондай-ақ су айдындарында қауіпсіз демалысқа қатысты ұсыныстар берілді, атап айтқанда, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салынатыны және балаларды су жағасында үнемі бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.

Іс-шара азаматтардың хабардар болу деңгейін арттыруға және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

https://www.instagram.com/p/DJ19KboIfDI/

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»