2025 жылғы 31 қазанда «KAZENERGY» қауымдастығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыру салтанаты өтті.
Аталмыш шарада «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің қазан-турбина-2 цехының 7-разрядты турбина жөніндегі энергоблок машинисі Канагат Епкенұлы Тлеубаев мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл марапат оның көпжылдық адал еңбегінің, жоғары кәсіби шеберлігінің және еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан зор үлесінің лайықты бағасы болды.
Екібастұз 1-МАЭС ұжымы Канагат Епкенұлын шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, жақындарына амандық және еңбекте жаңа жетістіктер тілейді!