Жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге және олардың беделін арттыруға бағытталған жұмысшы мамандықтар жылының іс-шаралары шеңберінде «Болат Нұржанов ат. Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС мектеп және колледж түлектеріне кәсіби бағдар беру экскурсияларын жалғастыруда.

April 03, 2025

2 сәуір күні станциямызға Абай Құнанбаев атындағы №2 ОМ 9 сынып оқушылары келді. Өндірістік-техникалық басқарманың бастығы Серік Бейсенұлы Серьянов оқушыларды құрылыстың бай тарихымен және станцияның қуатты өндірістік процестерімен таныстырды. Оқушылар станцияның технологиялық процесі туралы ақпаратты макетте көрінісі арқылы тамашалады, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткенен кейін станцияның негізгі объектілері: орталық және блоктық басқару қалқандары, қазандық бөлімі және өрталық химия зертханасы бойынша экскурсияға барды.
Экскурсия шай үстіндегі әңгімемен аяқталды, онда балалар көргендерін талқылап, қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Бұл сапар жастарға мамандықты саналы түрде таңдауға көмектеседі және энергетикадағы мансапты шабыттандырады деп үміттенеміз.

Толығырақ

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»