Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы ұйымдастырған жыл сайынғы балалар суреттері байқауы еліміздің түкпір-түкпірінен талантты қатысушылардың басын біріктірді.
Биыл байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен 300-ден астам жас суретшілер қатысты. Жарыс үш жас санатында өтті және әр жұмыс шынайылығымен, шығармашылығымен және терең мазмұнымен таң қалдырды.
Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша 13 жастан 16 жасқа дейінгі жас санатындағы Гран-при «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС»ЖШС атынан қатысқан Эвелина Конопьяноваға бұйырды.
Эвелина - кәсіподақтың барлық шығармашылық іс-шараларының белсенді қатысушысы. Оның тамсана тамашалар туындылары үнемі назар аударады және жүлделі орындарға ие болады.
Эвелинаға одан әрі шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз! Жұлдызың жарқырай берсін!