2026 жылғы 27 ақпанда «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдардың жұмыскерлері арасындағы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі конкурсты қорытындылады.
Конкурстың қорытындылары бойынша бірінші орынды «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жұмыскері — Әбдірахманов Нариман Қайроллаұлы, «Қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу» цехының ҚжТДЦ жабдықтарын жөндеу жөніндегі 6-разрядты сілесірі иеленді.
Әбдірахманов Нариман Қайроллаұлы «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нде 2010 жылғы 3 қарашадан бастап жұмыс істеп келеді. 2016 жылы ол өндірістік кеңеспен цехтың техникалық инспекторы болып сайланды және бекітілді. Оның қызметінің басым бағыттарының бірі жұмыскерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. Нариман Қайроллаұлы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарайды, сондай-ақ цех қызметкерлер құрамы арасында жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
Нариман Қайроллаұлын лайықты жеңісімен құттықтаймыз және еңбекті қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыста одан әрі табыстар тілейміз!