12016 жылдың 22 наурызында Екібастұз 1-МАЭС қызметкерлері көктемгі Наурыз мейрамын тойлауға белсене қатысты.Біздің тарапымыздан қолдау тапқан, қала басшылығының ұсынысымен, бұл жылғы мейрам Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналды.

Қаладағы ірі кәсіпорындармен қатар, Екібастұздың орталық Мәшһүр Жүсіп көшесінде тұғырға орнатылып, ұлттық нақышта безендірілген ең көркем киіз үй орнатылды.

Киіз үйдің алдында 3 тақта орнатылып, оларға Тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі Қазақстанның жетістіктері туралы, бейбітшілік пен келісім саясатының өткізгіші ретіндегі бірегей институт болып табылатын Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы, сондай-ақ Екібастұз 1-МАЭС қызметі туралы материалдар ілінді.

Таңертеңнен бастап киіз үйдің жанында мерекелік қарбалас басталды. Қазақстанда тұрып жатқан әртүрлі этностардың ұлттық киімдерін киген станция қызметкерлері, мейрамның нышанымен соңғы дайындықтарды аяқтап жатты. Кешкіліктен бастап орнатылған аспаптардан бүкіл көшеге музыка ойнап тұрды.

Таңғы 8-де 1-МАЭС қызметкерлерінің сәнді киімдері, ұнамды музыка ғана емес сонымен қатар дәмді тағамдардың, хош иісті палаудың, ыстық бауырсақтар мен булочкалардың, әрі басты тағам Наурыз-көженің иісі де баураған қалалық тұрғындардың көпшілігі киіз үйдің жанына жинала бастады.Мерекеге орайластырылған қайырымдылық ас қойылған дастарханға келгендердің барлығы ұлттық дәмдерден ауыз татты.  Барлығы 1000 адамға арнап қайырымдылық науқан өткізілді. Ең есте қалатыны, бұл мерекеде қызметкерлеріміздің Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арнаған бағдарламасы болды.

26 ұттың 80 өкілі лебіздерімен де, өздерінің билерімен де екібастұздықтарды мейраммен құттықтап бейбіт өмір мен келісім және жақсылық пен бақыт тілеп жатты.

Наурыз мейрамында әдеттегідей, конкурстарсыз болмады, Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арнап ең үздік киіз үй және мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған.  Және сол конкурста Екібастұз 1-МАЭС қаладағы басқа да ірі кәсіпорындарды артқа тастап бірінші орынды иеленді!