IMG 0961 

Қысқа дайындалу – кез келген энергетик үшін бірінші кезектегі маңызды істің бірі, өйткені қыстың салқын кештерінде үйдегі жарық пен жылудың болуы оларға байланысты. Алайда жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етумен бірге Екібастұз МАЭС-1 станциясының энергетиктері қамқорлықты қажет ететін туған қаланы да ұмытпайды. Сол себептен МАЭС-1-дің 200 қызметкері ауа-райының жайсыз жағдайына қарамастан екі күн бойы 9-10 қазанда 19- шағын ауданын жинаумен айналысты: ағаштарды қиды, қураған шөптер мен бұталарды шапты, қоқыс пен құрғап, солған жапырақтарды жинады.

«Жалпы жинастырудан» кейін Королев көшесіне көз салу әр қала тұрғынының көңілін сүйсіндірерліктей болды. Жинастырылған тротуармен жүрген адамдар күлімсіреп өтіп, ал жүргізушілер тоқтап, көмектерін ұсынды.

Станция қызметкерлері жұмыс қана істемей, көп қабатты үйлердің терезелерінің астында табылған заттарға да таңданудан шаршамады: мысалы, кейбір ұқыпсыз тұрғындардың терезеден ұялмай лақтырған дағдылы бос бөтелкелері мен қоқыстарынан басқа, сыртқы көрінісінен қүміске ұқсайтын ас пышағы табылды.

Қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу цехының сілесірі Сәбит Кульдин сенбіліктерге бірнеше рет қатысты. Ол жұмыс таңдамайды, бірақ та баршаға мәлім, жинаған жер емес, қоқыс тасталмаған жер таза деген пікірді ұстанады: «Туған қаланың тазалығын қамтамасыз ету – бұл әр адамның парызы деп ойлаймын. Біз жылына екі рет Королев көшесі бойында және ауладағы үгіт алаңында күрделі жинастырулар өткіземіз. Кейде кестеден тыс қоқыс жинауға, ағаштарды кесуге шығамыз. Бірақ та, аумақты жинастыру басты мәселе емес. Бір тақпақта айтылғандай, егер әркім қалдықтарды қоқыс салатын жәшіктен сырт тастаса, қала қоқыс тастайтын жерге айналады. Сондықтан да барлық қала тұрғындарына ұқыпты болып, туған қаламызды сүюді ұсынғым келеді».

Фото