Бүгін, 14-қарашада Қазақстанда, жаңартылған латын әліпбиінің көмегімен азаматтардың мемлекеттік тілдегі мәтіндерді жазу дағдыларын тексерген жалпы халықтық диктант өткізілді. Энергетиктер осы ауқымды оқиғадан тыс қалмады және қойылған тапсырманы сәтті орындады.

Жұмыстан бос уақыттарында кәсіпорын басшылығымен ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту бойынша сабақтарға қатысушы  Екібастұз 1-МАЭС қызметкерлері латын әліпбиімен әлдеқашан таныс болатын.  Латын әріптеріне негізделген әліпби сабақтарда бұрыннан оқытылып келеді, оған қоса оқушылардың қолдарында әріптердің бұрынғы және жаңа жазылу нұсқалары сипатталған дидактикалық ескертпелер болды.

Емтихан арнайы байланыс құралдарымен жабдықталған станцияның бірнеше аудиторияларында өтті. Мемлекеттік тілдегі шағын мәтін қазақ радиосы эфирінің дыбыс жазбасы арқылы берілді. Диктор жеткілікті түрде баяу және анық сөйледі. Диктанттың мәтіні барлық жалпы халықтық диктантқа қатысушыларға бірыңғай және қазақ тілінен латынша жазуға көшу үшін біздің ел президенті арқылы қойылған  міндеттерге қатысты болғандығын атап өту керек.