Әлеуметтік өмір

Біздің станцияның 40 жылдығына арналған кәсіпорын жұмыскерлерінің  3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларының арасында Балаларды қорғау күніне орай  2020 жылдың  15 мамырынан бастап 27 мамырына дейінгі кезеңде өткізілген конкурстың қорытындылары шығарылды.  

Конкурс  екі  негізгі «Үздік сурет» және «Үздік өлең» номинациялары бойынша өткізілді. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша жүлделі орындар келесі түрде бөлінді:  

«Үздік сурет» номинациясында

3-5 жас

1 орын - Сейфулаева Диана (4 жаста), шешесі Тұрсұнбаева Д.К. (Автокөлік цехы)

2 орын - Таирова Аида (4 жаста), ата-анасы Таиров Б.Ж. (ТАҚЖ)  Таирова Ә.Е. (ЖЭБ)

3 орын - Нығметолла Айым  (5 жаста), әкесі Әбілдінов А.Н. (ҚҚЖЖ)

6-8 жас

1 орын - Дробец Эмилия (8 жаста) , шешесі Дробец А.Г.  (ӨТБ)

2 орын - Клец  Софья (8 жаста), әкесі Клец Е.А. (ЖАӨЦ)

3 орын – Стужук Михаил (6 жаста), шешесі Стужук Е.С. (ТАҚЖ)

9-12 жас

1 орын - Конопьянова Эвелина (10 жаста), шешесі Азарова И.Н. (БжСЕБ)

2 орын - Қайсина Дария (9 жаста), ата-анасы Қайсин Р.Б. (ДҚ) және Мырзашева М.М. (Баптау және сынақтау қызметі)

3 орын - Нелдiбек Айтуар (10 жаста), әкесі  Рақымжанов А.Н. (ЖСжҚҚЕ қызметі)

12 жастан жоғары

1 орын - Құспеков Әмина (14 жаста), шешесі  Құспекова А.К. (БжСЕБ)

2 орын - Шпекова Жадыра (14 жаста), шешесі  Қамзинова А.Ж. (ІҰБ )

3 орын - Шпекова Ақбота  (16 жаста), шешесі  Қамзинова А.Ж. (ІҰБ)

«Үздік өлең» номинациясында

3-5 жас

1 орын - Қайсин Назар (4 жаста), ата-анасы Қайсин Р.Б. (ДҚ) және Мырзашева М.М. (Баптау және сынақтау қызметі)

2 орын - Әбікенова Ализа (3 жаста), шешесі  Әбікенова Ж. Б. (ЖЖПЖ)

6-8 жас

1 орын - Яковлева Василиса (6 жаста), әкесі Яковлев Р.В. (ЖАӨЦ)

2 орын  - Стужук Михаил (6 жаста), шешесі Стужук Е.С. (ТАҚЖ)

3 орын  - Клец  Софья  (8 жаста), әкесі Клец Е.А. (ЖАӨЦ)

9-12 жас

1 орын - Мұттахиден Азиза (10 жаста), шешесі  Нұрымова Б.А. (АРББ)

2 орын - Нягу Даниил (11 жаста), шешесі  Нягу Е.В. (ҚТЦ-2)           

3 орын - Әміржанова Карина (9 жаста), ата-анасы Әміржанов Б.К. (электр цехы) және Әміржанова Л.Т. (ӨТБ)

3 орын - Қайсина Дария (9 жаста), ата-анасы Қайсин Р.Б. (ДҚ) және Мырзашева М.М. (Баптау және сынақтау қызметі)

12 жастан жоғары

1 орын - Шпекова Жадыра  (14 жаста), шешесі  Қамзинова А.Ж. (ІҰБ)

2 орын - Арманқызы Алима   (12 жаста),  шешесі Қарашашева К.Б.  (химиялық цехы)

Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар мен жүлделер алды.

Құттықтаймыз!!!

 3 3 3

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 40 жылдығына орай 2020 жылдың 16 сәуірінен бастап 30 сәуіріне дейінгі аралықта станция қызметкерлерінің арасында «Үздік логотип» атты конкурсы өткізілді.

Конкурс жеңімпаздарын келесі құрамдағы комиссия анықтады:

- Джиенбаев Е.Е. – бас директор;

- Ларичев Л.В. – бас инженер;

- Утеуов Қ.Т. – жалпы мәселелер жөніндегі директордың м.а.;

- Чигвинцева Т.А. – кәсіподақ комитетінің төрайымы.

1-орынға ие болған – Әубәкіров А.Қ., сенімділікті қамтамасыз ету және жабдықтарды қауіпсіз пайдалану қызметінің жетекші инженері;

2-орынға ие болған – Дробец А.Г., өндірістік-техникалық бөлімінің мұрағат меңгерушісі;

 

3-орынға ие болған – Закриянов Қ.М., ОКЦ-2 бастығының орынбасары.

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталатын болады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Комиссия сонымен қатар А.А. Илекеевтің, Е.С. Стужуктың және А.Ж. Қамзинованың жұмыстарын атап өтті.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 19,1 млрд. кВтс электр энергиясын өндіріп, 2018 жылды аяқтады, бұл 2017 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 29%-ға жоғары. Тұтас алғанда, Қазақстан нарығында ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының үлесі 18,9 %-ды құрады.  Станция бұл орайда жобалық жиынтық қуаты 3000 мВт құрайтын алты энергоблогының бәрі жұмыс істеп тұрып, 2018 жылғы 20 желтоқсанда қол жеткізген 3031 МВт рекордтық жүктемемен күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығын көрсетті.

Өткен жылы кәсіпорынның айшықты сәттері мен жылт еткен жаңалығын паш етуді мақсат еткен біз 1-МАЭС станциясына барғанымызда, кеңсе алдындағы Құрмет тақтасында аз-кем кідіріп қалдық. Еңбек екпінділері арасын­да жерлесіміз, Аққулы ауданы «Майқарағай» кеңшарының тумасы Аманбай Асановтың суреті көзімізге оттай басылды. Сол сәтте еңбегімен абыройға бөленген жерлесім үшін бойымды мақтаныш сезімі билегенін қалайша

жасырайын?!

«Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші, тура бір жыл уақыт өткен соң мақтаулы азамат­пен редакцияның қара шаңырағында кездесудің сәті түсті.

Еңбектің алғы шебінен көрініп жүрген Амантай Аса­нов – Қазандық-турбина-2 цехының энергоблок маши- нисі, білгір шебер. Ең- бек өнімділігі жайлы сөз қозғалғанда, Амантай бірден үзеңгілес жүрген болат білекті азаматтарды ауызға алды:

- Кәсіпорында азды-көпті жетістікке қол жеткізсем, ол - қайыспас қара нардай жігіт- тердің арқасы. Уразбай До­щанов, Алтынбек Баядилов, Александр Матвеев, бүгінде зейнеткерлікке шыққан Жұ- мағали Досмұратовтардың есімдерін бөле-жара атап өткім келеді. Өзге де әріп- тестерім – өз ісінің шебері, еңбек өнімділігі жағынан ешкімге есе жібермейді. Қолға алған істі тас түйін аяқтап, мінсіз орындауға машықтанған жандар. Менің міндетіме су толтырылған алып қазандықтарға көмірді үздіксіз жағу жұмыстары кіреді. Бүгінде мұндай жұмыс заманауи техника арқылы басқарылады, - дейді тәжірибелі маман.

Амантай Шынтемірұлының негізгі мамандығы – техник- механик. Павлодар қаласына таяу Красноармейкадағы ауыл шаруашылығы тех­никумын бітірген ол біраз жыл теміржолда жолшы болып еңбек еткен. Кейін Екібастұздағы оқу комбинаты­на барып, машинистке оқиды. Қолына біліктілік куәлігі тиген соң, бірден 1-МАЭС станция­сына жұмысқа орналасады. Осында тапжылмай еңбек

еткеніне биыл 26 жыл болып­ты.

- Саналы ғұмырымды арнағандықтан ба, мұнда әр металл, әр қондырғы маған ыстық көрінеді. Машинист мамандығы менің таңдауым, пешенеме жазылған нәсіп екендігін енді түсіндім. 1993- 1996 жылдары станция қиын күндерді бастан өткерді. Жалақы уақытылы берілмеді. Соған қарамастан еңбектен қол үзбедік, - дейді Амантай Шынтемірұлы.

Амантай Асанов стан­цияда 2 рет ірі апатты жағдай орын алғанын ай­тады. Алғашқысында, 1994 жылы, қондырғыдағы қатты қысымнан өрт кеткен. Сол кез­де жұмыскерлер ауызбіршілік танытып, жанкештілікпен өрттің бетін қайтарған. Бірде- бір жұмыскер станцияны тас- тап кетпеген.

2004 жылы станцияда гене­ратор жанып, ғимараттың ша­тыры құлайды.

«Қыстың желтоқсан айы. Күн суық. Сақылдаған сары аязда түкірсең, түкірігің жер­ге мұз боп түседі. Аяғымызда пима. Қорбаң-қорбаң етіп жүгіреміз. Бет қаратпайтын аязға, ыңғайсыз киімімізге қарамастан бәріміз бір кісідей жұмылып өртті тоқтаттық. Бұл оқиға жұмыскерлердің бірлігін көрсетті», - деп еске алады сол күндерді байырғы жұмыскер. «Әке көрген – оқ жонар» демекші, ұлы Данияр да әкесі сияқты өндіріске өз үлесін қосуды мақсат етіп энергетик мамандығын таңдапты. Осы станцияда жетекші инженер. Ұрпақ сабақтастығы деген осы болар, сірә!

Амантай Шынтемірұлы келіншегі Бақытгүл екеуі немересі - 6 жасар Ясминнің тәтті қылығын қызықтап отыр.

Материалдар авторы:Материалдар авторы:Дария Ерғазина.Суреттерді түсірген:Игорь Тимошенко

Бүгін, 14-қарашада Қазақстанда, жаңартылған латын әліпбиінің көмегімен азаматтардың мемлекеттік тілдегі мәтіндерді жазу дағдыларын тексерген жалпы халықтық диктант өткізілді. Энергетиктер осы ауқымды оқиғадан тыс қалмады және қойылған тапсырманы сәтті орындады.