Жұма күні, 2 қазанда Екібастұзға жұмыс сапарымен Павлодар облысының Әкімі Әбілқайыр Сқақов келді. Әбілқайыр Бақтыбайұлының Екібастұз 1-МАЭС-ке келуінің басты мақсаты энергия өндіруші кәсіпорындардың күзгі-қысқа кезеңде жұмысқа дайындық мәселесі болды. «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің бас директоры Еділ Құдайбергенұлы аймақ Басшысына станцияның 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық төлқұжатының әлдеқашан алғандығын, барлық жөндеу жұмыстарының кестеге сай орындалып жатқандығын, күрделі мәселелердің туындамағанын мәлімдеді.