Екібастұз 1-МАЭС-тің ардагерлері – бұл Қазақстандағы ең ірі электр станциясын құрудың бастауында тұрған, оның салынуына, дамуына, әр сәтте туындаған қиындықтарды станциямен бірге еңсерген адамдар.

Олардың әрқайсысы үшін станцияның тынысы мен өмірі, оның қарқынды дамуы, өндірістік қуатының ұлғаюы маңызды. Жыл сайын Қарттар күнінде жас мамандар станцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Чигвинцеваның басшылығымен ардагерлерді назардан тыс қалдырмауға тырысады. Кешегі және бүгінгі күндері олар 70 жастан асқан кәсіпорынның 69 ардагеріне барып шықты. Ата-әжелерге қажетті азық-түлік апарумен қатар, олардың көңілін біліп, проблемалары туралы әңгімелесті. Осы мақсатта кәсіпорын барлығы 1 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.