Станция қызметкерлерін ASPANS платформасының базасында SKE.01.02.Р «Қауіпсіз өндіріс» жобасын жүзеге асыру аясында белсенді жұмыс істегені үшін уәждеу және ынталандыру мақсатында, 2021 жылдың 3-ші тоқсанына өндірістік кеңеспен белсенді қызметкерлерді естелік сыйлықтармен – флеш-карталармен және жеңсіз жейделермен ынтыландыру жөнінде шешім қабылданды.

ASPANS платформасының базасында ақпараттық жүйеге деректерді енгізумен ЛҚҚА белсенді және сапалы өткізгені үшін ОКЦ-1 цехының аға шебері Е.С.Кимашев, ОКЦ-2 цехы бастығының орынбасары М.А.Панкрашин және ОКЦ-1 цехы бастығының орынбасары А.А.Тимошкин марапатталды. ASPANS платформасының базасындағы ақпараттық жүйеге деректерді енгізу және әлеуетті-қауіпті оқиғаларды анықтағаны үшін ЖЖПЖ цехының инженері А.В.Титаренко, Автокөлік цехының 6р. автомобиль жүргізушісі Ә.З.Молдахметов және ЖАӨЦ цехының шебері Р.В.Яковлев аталды. ASPANS платформасының базасындағы ақпараттық жүйеге деректер енгізумен өндірістік бақылауды сапалы және жауапты жүргізгені үшін ЕҚ және ҚТ жөніндегі инженер А.С.Бабаев флеш-картамен марапатталды. ҚТЦ-2 цехының жетекші инженері Б.Ж.Смағұлов пен ЖАӨЦ цехының инженері А.В.Кван ASPANS платформасының базасында SKE.01.02.Р «Қауіпсіз өндіріс» жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысқандары үшін жеңсіз жейделермен марапатталды.